Сақ бол, жасөспірім: Өскеменде мектеп оқушыларына есірткі қаупі туралы ескертілді

Сақ бол, жасөспірім: Өскеменде мектеп оқушыларына есірткі қаупі туралы ескертілді

                                                                                          Сақ бол, жасөспірім: Өскеменде мектеп оқушыларына есірткі қаупі туралы ескертілді

«Esirtkisiz Qazaqstan» республикалық акциясы аясында Өскемен қаласының № 45 орта мектебінде оқушылармен есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өтті.

Мектеп оқушыларының алдында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Сағатбек Малтүгелов, сондай-ақ ШҚО ПД Есірткі құқықбұзушылықтарына қарсы профилактикалық кеңесінің мүшесі Ләйлә Төлеубекова сөз сөйледі.

Кездесу барысында жасөспірімдерге есірткі және психоактивті заттарды қолданудың негізгі қауіптері мен ауыр салдары түсіндіріліп, есірткі құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Сонымен қатар, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту қаупі туралы хабардар болудың маңыздылығы атап өтілді.

Өскелең ұрпақтың бойында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және өз болашағы үшін жеке жауапкершілікті сезінуге ерекше көңіл бөлінді. Кездесуге қатысушылар оқушыларды қырағы болуға, арандатушылыққа бой алдырмауға және күдікті жағдайлар туындаған кезде ересектер мен құқық қорғау органдарына уақытылы көмекке жүгінуге шақырды.

Жастармен бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі