
Полиция мен ШҚО соты үкімдерді орындау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды күшейтуде
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Тақжановтың сот өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында үкімдерді орындаудың өзекті мәселелері, оның ішінде сот актілерінің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жайы талқыланды. Ішкі істер органдары мен сот жүйесі арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ тәжірибелік қызмет барысында туындайтын проблемалық аспектілерге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ процессуалдық мерзімдердің сақталуы, үкімдерді орындау кезінде заңдылықты қамтамасыз ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыру және заңдылықты нығайтуға бағытталған әрі қарайғы сындарлы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі