ШҚО-да полиция қызметкерлері 80-нен астам автокөліктер колоннасының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті

ШҚО-да полиция қызметкерлері 80-нен астам автокөліктер колоннасының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті

                                                                                         ШҚО-да полиция қызметкерлері 80-нен астам автокөліктер колоннасының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік құралдары колоннасына ілесіп жүруді ұйымдастырды.

2026 жылғы 12 қаңтарда Өскемен-Семей тасжолының 13-шақырымынан бастап Абай облысының әкімшілік шекарасына дейін 80-нен астам автокөлік колоннасына ілесіп жүру қамтамасыз етілді. Қозғалыс барысында полиция қызметкерлері жылдамдық режимінің сақталуын қадағалап, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алды.

Қызметкерлердің үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде колонна жолдың күрделі учаскелерінен ұйымдасқан түрде, ешқандай оқиғасыз өтіп, әрі қарай бағыт бойынша қозғалысты жалғастыру үшін ШҚО ПД қызметкерлері автокөлік легін Абай облысындағы әріптестеріне тапсырды.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және автокөліктер колоннасына ілесіп жүру кезінде тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындауға шақырады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі