Ұлан ауданында полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды

Ұлан ауданында полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды

                                                                                         Ұлан ауданында полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды

Шығыс Қазақстанда қыс мезгілі төзімділікті сынауда. 6 қаңтарда күн кетіп, кеш батқан шақта Ұлан ауданының кезекші бөліміне Бетқұдық ауылының маңында екі көлік қалың қарда тұрып қалғаны туралы алаңдатарлық хабарлама келіп түскен.

Жедел әрекет ету қажет болды. Кезекшінің көмекшісі Ернар Қалиев қызметтердің іс-қимылын дереу үйлестіріп, ақпаратты оқиға орнына ең жақын жүрген қызметкерлерге жеткізді. Көмекке Таврия ауылдық округінің учаскелік инспекторы полиция майоры Алексей Сергеевич пен Каменка ауылдық округінің учаскелік инспекторы полиция майоры Дәурен Байтиков шықты.

Арнайы техникамен қар үйінділерін бұзып өтіп, полицейлер қиын жағдайда қалған адамдарға дер кезінде жетті. Кәсіби біліктілік пен үйлесімді әрекеттердің арқасында екі автокөлік те қар құрсауынан шығарылды.

Қауіпсіз жерге жеткен жүргізушілер қиын сәтте жеделдік пен адамгершілік танытқан құтқарушыларына шын жүректен алғыс айтты.

Естеріңізде болсын, жол қателікті кешірмейді. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар, жол көрінбейтін боранды күндері алыс сапарға шығудан бас тартыңыздар.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі