Цехтан тыс қауіпсіздік: Өскемен ЖЭО-да құқықтық тәртіп пен жеке жауапкершілік мәселелері талқыланды

Цехтан тыс қауіпсіздік: Өскемен ЖЭО-да құқықтық тәртіп пен жеке жауапкершілік мәселелері талқыланды

                                                                                         Цехтан тыс қауіпсіздік: Өскемен ЖЭО-да құқықтық тәртіп пен жеке жауапкершілік мәселелері талқыланды

Өндірісте тәртіп негізгі қағида саналатын стратегиялық маңызы бар нысандарда да әрбір қызметкердің заң алдындағы жеке жауапкершілігін ұмытпау маңызды.

Бүгін «Өскемен ЖЭО» АҚ базасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында еңбек ұжымымен ашық диалог өтті.

Іс-шара ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Өскемен қаласының прокуратурасы және Жастар ресурстық орталығының бірлескен жұмысының нәтижесінде ұйымдастырылды. Ведомство өкілдері энергетиктермен тікелей кездесіп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқықбұзушылықтардың құқықтық салдарын жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында тек заң талаптарына ғана емес, сонымен қатар қоғамда кез келген құқық бұзушылық әрекеттерге қарсы саналы иммунитет қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар құқықтық сауаттылықтың маңызын және әрбір қызметкердің есірткі қатерінен таза орта қалыптастырудағы рөлін талқылады.

Мұндай кездесулер азаматтардың санасында құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын бекітіп, заңға бағыну мәдениетін өмір мен еңбек етудің табиғи нормасына айналдыруға ықпал етеді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі