ШҚО полициясы жоғалған жасөспірімді аман-есен тапты

ШҚО полициясы жоғалған жасөспірімді аман-есен тапты

                                                                                         ШҚО полициясы жоғалған жасөспірімді аман-есен тапты

2025 жылғы 31 желтоқсанда Риддер қаласы полиция бөліміне оқу орнынан кейін үйіне ұзақ уақыт оралмаған кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері екі тәуліктен астам уақытқа созылған жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы мен азаматтардың көрсеткен көмегінің нәтижесінде жасөспірімнің жүрген жері анықталды.

Ол аман-есен үйіне жеткізілді. Учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен онымен және ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қауіпсіздік ережелері мен осындай жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

Тәртіп сақшыларының іздестіру жұмыстарына атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді және балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға, олармен тұрақты байланыста болуға, күмәнді жағдайлар туындаған кезде 102 нөмірі арқылы полицияға жедел хабарласуға шақырады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі