ШҚО-да ауыл тұрғыны мен полицейлер жаралы аққуды құтқарды

ШҚО-да ауыл тұрғыны мен полицейлер жаралы аққуды құтқарды

                                                                                          ШҚО-да ауыл тұрғыны мен полицейлер жаралы аққуды құтқарды

2025 жылдың 25 желтоқсанында Ұлан ауданында қамқорлық пен мейірімділіктің қарапайым адамгершіліктен басталатынын тағы бір мәрте дәлелдейтін әсерлі оқиға орын алды.

Айыртау ауылының тұрғыны Ұлан ауданының учаскелік инспекторы Бақытжан Өтеулинге Сартымбет учаскесінің маңында жаралы аққудың табылғаны туралы хабарлаған. Құстың тағдырына бейжай қарамаған полиция қызметкерлері хабарламаны алып, жедел әрекет етті.

Учаскелік инспектор Айыртау ауылдық округі әкімдігінің маманымен бірге оқиға орнына барды. Ақпарат расталып, аққу шынымен де көмекке мұқтаж екені белгілі болды. Құсты аман алып қалу және оның жағдайын бағалау мақсатында аққу мұқият түрде ветеринариялық клиникаға жеткізіліп, мамандар тексеріс жүргізіп, жарақаттарының бар-жоғын анықтады.

Кейде көмек көрсету үшін үлкен сөздің қажеті жоқ — дер кезінде тоқтап, қасынан үнсіз өтіп кетпеу жеткілікті. Айыртау ауылының тұрғыны дәл солай жасады. Оның осы жанашырлығының арқасында киелі құс уақытылы көмек алды.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі