
Қаржылық сауаттылық - қауіпсіздік кепілі
Мемлекеттік қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық қауіптердің алдын алу мақсатында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің базасында қаржылық сауаттылық бойынша тақырыптық семинар өткізілді.
Іс-шараға қалалық прокуратура өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мамандары, сондай-ақ ШҚО Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысып, баяндама жасады.
Семинар аралас форматта өтті: ШҚО ТЖД базасында жеке құраммен офлайн түрде және онлайн форматта департаменттің аудандық бөлімшелерінің қызметкерлерін қамтыды.
Кездесу барысында қаржылық тәртіп мәселелеріне, алаяқтық схемалары мен киберқауіптерден қорғануға, сондай-ақ жеке және қызметтік қаржылық міндеттемелерге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ерекше ден қойылды.
Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға және мемлекеттік қызметшілер арасындағы жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі