Жергілікті жерлердегі жұмыс — қауіпсіздік пен сенімнің негізі

Жергілікті жерлердегі жұмыс — қауіпсіздік пен сенімнің негізі

                                                                                          Жергілікті жерлердегі жұмыс — қауіпсіздік пен сенімнің негізі

Бүгін Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков жұмыс сапармен Марқакөл, Күршім және Самар аудандарында болды. Кездесулер барысында жеке құраммен ашық әңгімелесіп, қызмет пен халық үшін маңызды мәселелерді талқылады.

Басты назарда — заңдылық, тәртіп және ауылдық жерлердегі ахуал. Соның ішінде
мал ұрлығының алдын алу мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінді: атап айтқанда, малды қараусыз жіберу, төрт түліктің жолға шығып кетуі салдарынан болатын апаттар және мал иелерінің жауапкершілігі талқыланды.
— Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің тікелей жауапкершілігіміз. Малдың бақылаусыз жайылуы азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді және ауылдық жерлердегі жалпы тәртіпке нұқсан келтіреді. Біздің міндетіміз — мұндай жағдайларға жол бермеу, мал иелерімен жүйелі жұмыс істеу, заң талаптарының орындалуына қол жеткізу және қайғылы оқиғалар орын алғанға дейін олардың алдын алу, — деп атап өтті Е. Омарбеков.

ШҚО ПД бастығы халықтың полицияға деген сенімі дәл осы жергілікті жерлердегі атқарылған іске тікелей байланысты екенін атап өтті:

— Сенім бұйрықпен немесе құрғақ есеппен келмейді. Ол күнделікті қажырлы еңбектен — қызметкердің халықпен қарым-қатынасынан, әрбір арыз-шағымға жедел әрекет етуінен және өз міндетіне деген адалдығынан құралады.Полицияның халық алдындағы абыройын айқындайтын да осы.

Жиын соңында қызметте кәсібилік танытып, міндетін мінсіз атқарған бірқатар қызметкерлер марапатталды. Бұл марапат — тәртіп сақшыларының аудандардағы тыныштық пен қауіпсіздікті күзетуге қосқан елеулі үлестерінің айғағы болды.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі