
ШҚО полициясы заңсыз сақталған атыс қаруын тәркіледі
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері атыс қаруын дайындау және заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Қаланың 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 2021 жылы 5,6 мм калибрлі иір ойықты атыс мылтығын жасап, оны өз үйінде заңсыз сақтаған. Сонымен қатар, 5,6 мм калибрлі 500-ден астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті заңсыз сақталған қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру бойынша акция өткізеді. Мұндай заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі