Әрбір қызметкердің жауапкершілігі — мықты қызметтің негізі

Әрбір қызметкердің жауапкершілігі — мықты қызметтің негізі

                                                                                         Әрбір қызметкердің жауапкершілігі — мықты қызметтің негізі

Өскемен қаласының Полиция басқармасында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтың төрағалығымен жедел кеңес өтті.

Кеңес барысында күнделікті қызметтік іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімділігі, қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыру мәселелері, сондай-ақ тергеу, анықтау және криминалистикалық қызмет бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері қаралды.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сонымен қатар аталған бөліністердің жеке құрамы арасында қызметтік тәртіпті нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кеңес соңында атқарылған жұмыстар қорытындысы шығарылып , қызметтік іс-әрекетті әрі қарай жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін атқаруда ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі