
Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері кезекті есірткі сатушыны ұстады
«Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын таратумен айналысқан 32 жастағы ер адамды ұстады.
Санкцияланған жеке тінту кезінде ер адамнан өсімдік тектес заты бар 2 полимерлі пакет тәркіленді. Сондай-ақ, оның көлігінен ерекше иісі бар, ұқсас зат салынған 6 полимерлі пакет пен 1 түйіншек табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы - 501,6375 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ШҚО полициясы: есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтау, тарату және өткізу — ауыр қылмыс болып саналатынын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі