
Жаңа жыл шыршасының шамдары жағылды: ШҚО полицейлері мерекелік қауіпсіздікті күзетуде
20 желтоқсан күні облыс орталығының бас алаңында еліміздің басты жаңажылдық шыршасының шамы жағылды. Жүздеген қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік көңіл-күйді бөлісіп, қысқы мейрамды қарсы алу үшін жиналды.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерімен бірлесіп, күшейтілген қауіпсіздік шараларын қолға алды.
Орталық алаң мен оған іргелес көшелердегі қоғамдық тәртіпті 130-дан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары күзетті. Азаматтардың көптеп жиналуы мен мерекелік бағдарламаның ауқымын ескере отырып, жеке құрамның қызметі ерекше бақылауда және күшейтілген режимде ұйымдастырылды.
Тәртіп сақшылары мен Ұлттық ұланның үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының арқасында мерекелік іс-шара жоғары деңгейде, қауіпсіз және ешқандай құқық бұзушылықсыз өтті.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мерекелік іс-шаралар кезінде азаматтардың тыныштығын күзету мен қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын жалғастыра береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі