Погондағы әйелдер — күш пен қолдау туралы

Погондағы әйелдер — күш пен қолдау туралы

                                                                                          Погондағы әйелдер — күш пен қолдау туралы

Полиция департаментінде ШҚО ПД қызметкерлерінің қатысуымен семинар форматындағы кездесу өтті. Мемлекеттік гендерлік саясат аясында ұйымдастырылған іс-шара ашық әрі сенімді диалог алаңына айналды.

Әңгіме тек қызметтік міндеттер жайында ғана емес, форма сыртында қалатын құндылықтар туралы өрбіді: әйелге тән нәзіктік, ішкі күш және жауапкершілік пен қамқорлықтың арасындағы тепе-теңдікті таба білу. Погондағы арулар өз тәжірибелерінде заң талаптарының қатаңдығы адамдарға деген ілтипат пен жылу қатар жүре алатынын көрсетіп келеді.

Кездесу барысында шақырылған спикерлер:
- Шығыс Қазақстан облысы Талдау және болжау институтының директоры, ШҚО Азаматтық альянсының және Қоғамдық кеңестің төрағасы, «Ерке» брендінің негізін қалаушы Ашимова Аяужан Тұрсынбекқызы;
- Кәсіпкер, «Траектория» әйелдер клубының жетекшісі әрі иесі, ойын практигі Масалимова Анастасия Владимировна өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Жанды диалог пен интерактивті тәжірибелер арқылы қатысушылар өз мүмкіндіктері мен ішкі ресурстарына жаңаша көзқараспен қарап, ойларымен бөлісіп, шынайы қолдау сезінді.

Бұл кездесу полициядағы әйел күші — тек төзімділік пен тәртіпте ғана емес, сонымен қатар нәзіктік, даналық және тыңдай білу қабілетінде екенін дәлелдеді. Осындай қасиеттердің арқасында сенім қалыптасып, қызмет шынайы адами сипатқа ие болады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі