
SafeTravelKZ: Өскемендегі қауіпсіз әрі ыңғайлы саяхат
Өскеменде SafeTravelKZ туристік картасы қала қонағына әуежай табалдырығынан бастап, саяхаты аяқталғанға дейін жол көрсетті.
Көші-қон қызметі ұсынған картаның көмегімен турист бағытын оңай айқындап, Даңқ мемориалы, Славский жағалауы, Металлургтер мәдениет үйі, және Тәуелсіздік монументі сынды көрікті жерлерді аралап шықты.
QR-кодтар арқылы пайдалы ақпаратқа қол жеткізген саяхатшы бейтаныс ортада өзін сенімді сезінді. Бұл – артық ізденіссіз, тек жайлылыққа құрылған сапалы демалыстың кепілі болды.
ШҚО Полиция департаментінің қатысуымен жүзеге асырылатын бұл жоба туристердің қауіпсіздігін арттырып, өңірдің қонақжайлылығын нығайтуды көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі