Қауіпсіздіктің үнсіз сақшылары: қызметтік иттердің маңызды миссиясы

Қауіпсіздіктің үнсіз сақшылары: қызметтік иттердің маңызды миссиясы

                                                                                         Қауіпсіздіктің үнсіз сақшылары: қызметтік иттердің маңызды миссиясы

ШҚО ПД Кинологиялық қызметі жұмыстарын қорытындылап, адамдар мен қызметтік иттердің бірлескен жұмысы қаншалықты күшті екенін тағы да дәлелдеді.
Олардың күнделікті еңбегі – жаттығулар мен бұйрықтарды орындаумен ғана шектелмейді, ол құтқарылған өмірлер, алдын алынған қылмыстар және өңір тұрғындары сезінетін тыныштық.

Жыл басынан бері қызметтік иттердің қатысуымен 93 қылмыс ашылды — олардың қатарында ұрлық пен мал ұрлығынан бастап, көлік айдап әкету мен қарақшылық шабуылдарға дейін бар.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында да жоғары нәтижелер бар: 26 құқық бұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 60 килограмнан астам есірткі заты, оның ішінде 1 700 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл көрсеткіштер – адам байқамайтын жерден де із таба алатын қызметтік иттердің дәл әрі тиімді жұмысының нәтижесі.

Жоғары көрсеткіштерге тыңғылықты дайындықтың, жаңартылған оқу базасының, заманауи әдістемелердің және өз серіктестеріне білімі мен жанын салатын нұсқаушылардың кәсіби шеберлігінің арқасында қол жеткізіледі.

Бүгінде ШҚО ПД Кинологиялық қызметі — өңір қауіпсіздігінің үнсіз, бірақ сенімді тірегіне айналған. Олар көпшіліктің назарына түспей-ақ, күн сайын адамдардың өмірін алаңсыз етуде.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі