
15 жыл жеке куәліксіз: полицей ауыл тұрғынының құжатын қалпына келтіріп берді
Шығыс Қазақстан облысының Саратов ауылдық округінде учаскелік инспектор тұрғынның құжатын қалпына келтіріп, оған үлкен жақсылық жасады.
Инспектор Әсет Ескендіров жергілікті тұрғынның 15 жыл бойы жеке куәліксіз жүргенін анықтаған. Ер адамның айтуы бойынша 2010 жылы құжатын жоғалтып алып, содан бері қайта жасатпаған екен.
Әсет Мұхтарұлы оған қажетті мәліметтерді жинауға көмектесіп, Қасым Қайсенов кентіне бірге барып, барлық қағаздарды толтырысып, Халыққа қызмет көрсету орталығына ертіп барды.
Тәртіп сақшысы алғашқы өтініш беруден бастап толық нәтижеге дейін көмек қолын созды.
Осылайша, 8 желтоқсан күні ауыл тұрғыны жаңа жеке куәлігін қолына алды.
Бұл оқиға — нағыз адамгершіліктің, профилактикалық жұмыстардың нәтижелі көрінісі және полицияның жай ғана ресми орган емес, халыққа шынайы тірек екендігінің дәлелі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі