
Мереке қауіпсіздігі: ШҚО-да пиротехника сату орындары тексерілуде
5 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында республикада жаңа жылдық мерекелер кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және пиротехникалық бұйымдар айналымы қағидаларының сақталуын бақылауға бағытталған «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Полицейлер пиротехниканы сатып алу, сақтау және пайдалану ережелерін түсіндіріп, кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салынғанын еске салады, сондай-ақ дәрістер өткізіп, сақтау және сауда объектілерін тексереді. Өрт сөндіру қызметімен бірлесіп, пиротехниканы заңсыз сату, тасымалдау және қолдану деректерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Облыста пиротехниканы сақтауға және сатуға рұқсаты бар төрт нысан ресми тіркелген:
* Өскеменде - «Улан» ЖШС, «СТиК» ЖШС, «PANNDA» ЖШС;
* Риддер қаласында - «Улан» ЖШС;
* Алтай қаласында - «Алтай Салют» ЖШС.
Ереже бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылған:
* ӘҚБтК-нің 436-бабы — тыйым салынған жерлерде қолданғаны үшін зат тәркіленіп, 20 АЕК;
* ӘҚБтК-нің 483-бабы — сақтау, есепке алу, тасымалдау және сауда ережелерін бұзғаны үшін 5-тен 45 АЕК-ке дейін;
* ӘҚБтК-нің 196-бабы — заңсыз сауда үшін 25 АЕК.
*
ШҚО Полиция департаменті өрт пен жарақаттанудың алдын алу үшін азаматтарды пиротехниканы тек рұқсат етілген орындардан сатып алуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі