SafeTravel.kz: шетелдіктерге қажетті ақпарат бір QR-кодта

SafeTravel.kz: шетелдіктерге қажетті ақпарат бір QR-кодта

                                                                                        SafeTravel.kz: шетелдіктерге қажетті ақпарат бір QR-кодта

Өскемен қаласының әуежайында өңірге келген шетелдік студенттер тобына ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері жылы шыраймен ақпараттық қолдау көрсетті. Кездесу тікелей ұшу аймағында ұйымдастырылып, студенттерге қажетті барлық мәлімет жеткізілді.

Көші-қон қызметі өкілдері студенттердің жол бағыты мен алғашқы әсерлері туралы сұрап, оларға QR-коды бар арнайы ақпараттық карточкаларды табыстады. QR-код арқылы бірден SafeTravel.kz ресми порталына өтіп, шетелдік азаматтарға арналған маңызды ақпаратпен танысуға болады. Порталда төмендегі деректер қамтылған:
• жедел қызметтердің нөмірлері және SOS батырмасы;
• полицияның кезекші бөлімдері туралы мәліметтер;
• елде болу ережелері және қауіпсіздік жөніндегі ұсыныстар;
• өңірлер туралы анықтамалық және пайдалы сілтемелер;
• мобильді операторлар, такси және байланыс қызметтері жайлы ақпарат;
• қонақ үйлердің мекенжайлары және орналастыру талаптары;
• «102» мобильді қосымшасына сілтеме.

Қонақтардың жайлылығы үшін қызметкерлер оларға тегін SIM-карталар да таратты. Бұл шетелдік азаматтарға елге келген сәттен бастап байланыста болуға мүмкіндік береді.

Шетелдік студенттер көрсетілген ілтипат пен қолдауға ризашылық білдіріп, мұндай кездесудің жаңа елде тез бейімделуге және өздерін сенімді сезінуге көмектесетінін атап өтті.

Полиция қызметкерлері Қазақстанға келетін барлық шетел азаматтарына ыңғайлы әрі қауіпсіз болу үшін QR-код арқылы қолжетімді ақпараттық материалдарды пайдалануды ұсынады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі