ШҚО полициясы хоккей маусымындағы матчта есірткіге қарсы акция өткізді

ШҚО полициясы хоккей маусымындағы матчта есірткіге қарсы акция өткізді

                                                                                             ШҚО полициясы хоккей маусымындағы матчта есірткіге қарсы акция өткізді

2025 жылғы 5 желтоқсан күні Өскемен қаласында, «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында, ШҚО Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері қала еріктілерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының хоккей чемпионаты маусымындағы тұрақты матчта ауқымды профилактикалық акция өткізді.

Арена жанкүйерлермен толып, трибунадағы атмосфера шынайы эмоциялармен қызған шақ еді. Үзілістер кезінде полицейлер мен волонтёлерлер көрермендермен тілдесіп, есірткі зияны туралы буклеттер таратты және өздерін әрі жақындарын қорғау жолдарын түсіндірді. Үлкен экранда есірткі қолданудың салдары мен олардың таралуына қарсы тұру жолдары туралы айқын видеороликтер көрсетілді.

Жанкүйерлер белсенді сұрақтар қойып, полицейлермен сауатты өмір салтының маңыздылығын талқылады. «Мен бір матчта осындай пайдалы ақпарат аламыз деп ойламаппын», — деп әсерін бөлісті көрермендердің бірі.

Трибунадағы спорттық энергия мен жанданған әңгімелесу акцияны есте қаларлық әрі қызықты етті, әрбір көрермен тек есірткі зияны туралы білмей, сонымен қатар өздерін денсаулық пен қауіпсіздікті таңдаған команда мүшесі ретінде сезінді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі