Риддер қаласында «Құқықтық десант» жобасы басталды: 100-ден астам үйлер мен пәтерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Риддер қаласында «Құқықтық десант» жобасы басталды: 100-ден астам үйлер мен пәтерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

                                                                                         Риддер қаласында «Құқықтық десант» жобасы басталды: 100-ден астам үйлер мен пәтерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары ШҚО әкімдігімен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Риддер қаласында «Құқықтық десант» пилоттық жобасын іске қосты.

Жобаның басты мақсаты — құқық бұзушылық деңгейін төмендету, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ азаматтарда тұрақты құқықтық сана мен заңға құрмет тәрбиелеу.

Акцияның алғашқы күнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ауқымды мекенжай жұмыстарын жүргізді: 100-ден астам үйлер мен пәтерлерді аралап, зейнеткерлермен және қала тұрғындарымен кездесті, олардың құқықтарын, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау шараларын және құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік туралы түсіндірді.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтардың және алаяқтықтың алдын алуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ азаматтарға несие мен онлайн-микрозайм рәсімдеуді бұғаттау мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

«AMANAT» партиясы алаңында Ардагерлер кеңесімен кездесу өтіп, онда қаржылық және интернет-алаяқтардан қорғану тәсілдері мен өзге құқықтық қауіпсіздік шаралары қолжетімді тілде түсіндірілді.

Қаланың ірі сауда нүктелерінде азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындарға білікті құқықтық көмек көрсетіліп, барлық сұрақтарға толық түсініктеме берілді, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қаралатын жазбаша өтініштер қабылданды.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі