ШҚО-да «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

ШҚО-да «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

                                                                                          ШҚО-да «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Шығыс Қазақстан облысында 20 қазан мен 19 қараша аралығында өткен «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Оның мақсаты — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды күшейту, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу және өзге де табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және жолын кесу.

Шара барысында полиция қызметкерлері табиғат қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп 297 рейдтік тексерістер өткізді. Тексерулер аңшылық алқаптарында, су айдындарында, көлік құралдарында, сондай-ақ жануарлар өнімін қабылдау және өткізу орындарында жүргізілді.

Нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 228 дерегі анықталды, оның ішінде:
* аңшылық ережелерін бұзу — 131 дерек;
* балық аулау ережелерін бұзу — 69 дерек;
* балық өнімдерін заңсыз тасымалдау — 1 дерек;
* жасыл желектерді заңсыз кесу немесе зақымдау — 4 дерек;
* өзге де құқықбұзушылықтар — 23 дерек.

Іс-шара кезінде Зайсан көлінде екі браконьер ұсталды. Олардан 327 кг көксерке және 17 кг табан балығы тәркіленді. Келтірілген шығын мөлшері 1,6 млн теңгеден асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ЖПІШ барысында браконьерліктің, қаруды заңсыз сақтаудың және пайдаланудың алдын алуға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы табиғатқа келтірілетін зиянды болдырмауға ерекше көңіл бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті өңір тұрғындарын табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға және браконьерлік деректерін 102 нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарлауға шақырады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі