ШҚО-да «Мал ұрлығы» іс-шарасының қорытындысы бойынша ондаған заң бұзушылықтар анықталып, мал ұрлықтары ашылды

ШҚО-да «Мал ұрлығы» іс-шарасының қорытындысы бойынша ондаған заң бұзушылықтар анықталып, мал ұрлықтары ашылды

                                                                                        ШҚО-да «Мал ұрлығы» іс-шарасының қорытындысы бойынша ондаған заң бұзушылықтар анықталып, мал ұрлықтары ашылды

17-19 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында республикалық «Мал ұрлығы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған кезеңде полицейлер мал тасымалдау, сату және жаю саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Рейд тексерістерінің қорытындысы бойынша 27 заң бұзушылық фактісі тіркеліп, 57 ауыл шаруашылығы жануарларының иесі мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, шара барысында бұрын жасалған екі мал ұрлығы дерегі ашылды. Ұлан ауданында еркін жайылымнан 2 бас ірі қара мал ұрланып, келтірілген шығын 2 000 000 теңгені құрады.

Сондай-ақ, дәл осындай жағдай Глубокое ауданында да орын алған: қаскөйлер 1 бас ірі қара мал ұрлаған, қылмыстық әрекеттен келтірілген шығын 600 000 теңгені құраған.

ШҚО Полиция департаменті мал иелеріне жануарларды дұрыс жаймағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын және осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жаю және тасымалдау ережелерін сақтауды ескертеді


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі