Өскемен полициясы бау-бақша қоғамдастығын аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді

Өскемен полициясы бау-бақша қоғамдастығын аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді

                                                                                        Өскемен полициясы бау-бақша қоғамдастығын аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді

Республикалық «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен және 5518 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан сарбаздарымен бірлесіп, «Титан» бау-бақша қоғамдастығының үйлерін аралады.

Кездесу барысында мамандар жеке және өрт қауіпсіздігі шаралары, жол қозғалысы ережелері туралы еске салды, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың жиі кездесетін схемалары туралы айтты.

«Біздің басты мақсатымыз – құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтарды, әсіресе көмекке мұқтаж жандардан тұратын осал топтарды қорғау. Біз қауіпсіздік ережелерін сақтауды және күнделікті өмірде мұқият болуды ұсынамыз», — деп атап өтті полицейлер.

Профилактикалық жұмыстар халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі