ШҚО полициясындағы дрондар: әуеден бақылау арқылы қауіпсіздік

ШҚО полициясындағы дрондар: әуеден бақылау арқылы қауіпсіздік

                                                                                         ШҚО полициясындағы дрондар: әуеден бақылау арқылы қауіпсіздік

Шығыс Қазақстан облысының полициясы қызметтің барлық бағытында ұшу аппараттарын белсенді пайдалануда.

Дрондар әуеден жол қозғалысын бақылап, ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркейді және жердегі нарядтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында ұшқыш аппараттар бұқаралық іс-шараларды қадағалау, қауіп-қатерлерді анықтау және оқиғалардың алдын алу үшін қолданылады.

Қылмысқа қарсы күресте дрондар қол жеткізу қиын аумақтарды бақылауға, құқық бұзушылықтарды құжаттауға және іздестіру жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді.

Бұл технологиялар әрбір секунд маңызды саналатын мал ұрлығы фактілерін ашуға және із-түссіз жоғалған азаматтарды табуға да көмектеседі.
Сонымен қатар, дрондар синтетикалық есірткі жасыратындарды анықтау үшін де іске қосылады – биіктіктен дрон камерасы күдікті әрекеттерді тіркеп, ақпаратты жедел топтарға жеткізеді.

Аймақта тұрғындарға киберқауіпсіздік туралы хабарлап, интернет-алаяқтардың схемаларынан сақтандыратын «сөйлейтін дрондар» да жұмыс істейді.

Қазіргі заманның озық әрі қарқынды дамып жатқан технологиялары полиция қызметін жылдамдатып қана қоймай, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралдарының біріне айналды.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі