
ШҚО-да «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
17-25 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында қауіпсіздік деңгейін арттыруға және тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Шара аясында полиция қызметкерлері азаматтардың тұрмыс жағдайларын нақтылап, қажетті қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударады, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған азаматтармен мекенжайлық жұмыстар жүргізеді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді – оларға қажетті қолдау көрсетілетін болады.
Уақытылы әрекет ету мақсатында ШҚО Полиция департаменті қала тұрғындарын құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға және өз аумағыңызда немесе тұрғылықты жеріңізде байқалған құқық бұзушылық фактілері туралы жедел хабарлауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі