Өскемендегі ойын-сауық орындарынан полицияға жиі түсетін шақырулар
Шығыс Қазақстан полициясының деректеріне сәйкес, жыл басынан бері өңірдегі кафе мен мейрамханалардан 864 шақыру тіркелген.
102 арнасына құқықбұзушылықтар туралы хабарламалар ең жиі түскен бес орын төмендегідей:
1.Bike Club — 84 шақыру
2.«Сибинка» — 44 шақыру
3.«Bavaria» бары — 43 шақыру
4.«Дильназ» кафесі — 37 шақыру
5.«Brilliant» ресто-бар караоке — 35 шақыру
Жүргізілген талдау нәтижесінде аталған нысандардың басшылығына құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларға ықпал ететін себептерді жою туралы ресми ұсынулар жолданды.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Мереке және демалыс күндері ойын-сауық орындарында келушілер саны артып, құқықбұзушылықтардың туындау қаупі жоғарылайды. Егер жанжалды жағдай орын алса немесе өмір мен денсаулыққа қауіп төнсе, дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.
ШҚО ПД баспасөз қызметі