ШҚО тұрғындарына бет-жүзді жабатын киімге қойылған шектеулер туралы түсіндірілуде

ШҚО тұрғындарына бет-жүзді жабатын киімге қойылған шектеулер туралы түсіндірілуде

                                                                                        ШҚО тұрғындарына бет-жүзді жабатын киімге қойылған шектеулер туралы түсіндірілуде

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жаңа заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

2025 жылдың 12 шілдесінен бастап елімізде қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киім мен аксессуарларды киюге тыйым салынды. Бұл шара құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында енгізілген.

Сонымен қатар заңда бірқатар ерекше жағдайлар қарастырылған. Бетті жабуға рұқсат етіледі:
* қызметтік міндеттерді атқару кезінде қорғаныс құралдарын қолданатын мамандарға;
* медициналық көрсеткіштер бойынша, соның ішінде медициналық маскаларды тағуға;
* төтенше жағдайлар кезінде;
* қолайсыз ауа райында — қатты аяз, шаңды дауыл және т.б.;
* спорттық, мәдени және мерекелік іс-шаралар кезінде.

Полицейлер жаңа талаптар азаматтардың құқықтарын шектемейтінін, керісінше тыныштықты қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын еске салады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі