
Полиция мал иелерін малдарын қорғау шараларын сақтауға шақырады
2025 жылдың 13 қарашасында Өскемен қалалық полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті тұрғыннан хабар келіп түскен. Ол 8 қарашадан бері Ново-Явленка ауылының маңындағы еркін жайылымнан өзіне тиесілі 16 жылқысының жоғалғанын мәлімдеген.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері дереу іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде жануарлар табылып, иесіне қайтарылды.
«Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде малдың тұрған жері анықталып, иесіне қайтарылды. Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтуді жалғастыруда және тұрғындарды сақ болуға шақырамыз», — деді полиция майоры Алмас Ғадылбеков.
Құрметті азаматтар!
Полиция малдың сақталуына қатысты шараларды қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе қыс мезгілінде, малды қараусыз еркін жайылымда қалдырмаңыз.
Ауа-райы суытып, қарлы боран, боранды күндер мен көру мүмкіндігі төмендеген кезде малдың жоғалу қаупі арта түседі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жануарларды арнайы жабдықталған қораларда ұстап, оларға сенімді қорғаныс пен тұрақты бақылау жасауды ұсынамыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі