Абай болуды үйренеміз: ШҚО ПД-да оқушыларға арналған жол қауіпсіздігі сабағы өтті

Абай болуды үйренеміз: ШҚО ПД-да оқушыларға арналған жол қауіпсіздігі сабағы өтті

                                                                                         Абай болуды үйренеміз: ШҚО ПД-да оқушыларға арналған жол қауіпсіздігі сабағы өтті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мұражайында Өскемен қаласының №20 мектебі оқушыларына арналған жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша танымдық сағат өтті. Оқушылар жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын, кәмелет жасына толмағандар қатысуымен жол-көлік оқиғалары неліктен болатынын және әркім өзін қалай қорғау керегін біліп қайтты.

Іс-шарада ШҚО ПД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Еркін Зарқұмов және патрульдік полицейлер сөз сөйледі. Олар балаларға арнайы құралдарды көрсетіп, жаяу жүргіншілердің жиі жіберетін қателіктері туралы айтып, қыста жолда ерекше абай болу керектігін түсіндірді.

«Әрқайсыңыз мынаны есте сақтасаңыздар деймін: жол – бұл барынша мұқияттылықты талап ететін жер. Тек жасыл түске өтiп, жолды жүгіріп өтпеңіз, телефонға алаңдамаңыз. Ал егер көлікте кетіп бара жатсаңыздар – әрқашан қауіпсіздік белдігін тағыңыздар, бұл өмірлеріңізді сақтап қалуы мүмкін. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз ең алдымен өздеріңізге байланысты», - деп атап өтті полиция подполковнигі Еркін Зарқұмов.

Іс-шара ашық әңгімемен аяқталды, онда оқушылар сұрақтарын қойып, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін бекітті.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі