
ШҚО-да мал ұрлығы бойынша екі күдікті ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өңірдегі бір ауданның екі тұрғынын бірнеше ірі қара мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ұстады.
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыскерлер ойларын бір схемамен жүзеге асырған. Олар ауыл сыртында жайылып жүрген малдарды ұрлап, сол жерде сойып, терісін сыпырып, еттерін бөлшектеген. Қылмыстық ойларын жүзеге асыру үшін күдіктілер екі көлік пайдаланған: бір күдікті алда отырып, жолда полиция жоқтығын тексеріп отырса, екіншісі етпен артынан келе жатып, патруль көліктерінің болмауын қарап, бір-бірін ескертіп отырған.
Үйге оралғаннан кейін күдіктілер етті өңдеп, оны ауылдық және қалалық базарларда сатқан.
Жедел қызметкерлер оларды бірінің ауласында малды бөліп жатқан сәтінде, оқиға орнында ұстаған. Тергеу барысында ұсталғандардың ірі қара мал ұрлығына қатысты төрт дерекке қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығын сомасы — 2 миллион 600 мың теңгені құрады.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
ШҚО Полиция департаменті облыс тұрғындарына малды уақытылы есепке қою, жануарларды анықтау үшін жетондарды пайдалану және оларды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады. Сондай-ақ, мал жайылымдары өздігінен емес, тек иелерінің немесе олардың бақылауында ғана жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі