ШҚО ПД орынбасары патрульдік полиция қызметкерлерімен кездесті

ШҚО ПД орынбасары патрульдік полиция қызметкерлерімен кездесті

                                                                                         ШҚО ПД орынбасары патрульдік полиция қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиков Өскемен қаласының патрульдік полиция батальоны мен облыстық батальонның қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Рифхат Шафихович қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, міндеттерді мүлтіксіз орындау және азаматтармен мәдениетті қарым-қатынасты сақтау маңызды екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол жемқорлыққа қарсы алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударып, ұжымда адалдық, ашықтық және өзара құрмет атмосферасын қалыптастыру керектігін айтты.

ШҚО ПД орынбасары әрбір полиция қызметкері «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, кәсібилік пен антқа адалдық үлгісін көрсетуі қажет екенін айтты.

Кездесу соңында Рифхат Тауфиков полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, бөлімшенің алдағы жұмыс бағытының маңызын айқындады.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі