ШҚО-да Қасым Қайсенов атындағы кадет сыныбы ашылды

ШҚО-да Қасым Қайсенов атындағы кадет сыныбы ашылды

                                                                                         ШҚО-да Қасым Қайсенов атындағы кадет сыныбы ашылды

Бүгін Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі Р. Марсеков атындағы орта мектебінде «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жаңа 6 «А» сыныбына 19 оқушы қабылданды — 9 ұл және 10 қыз. Осы күннен бастап олар тәртіптілік, патриотизм және заңға құрмет сияқты қасиеттерді дамытуды көздейтін арнайы бағдарлама бойынша білім алады.

Салтанатты шараға ШҚО ПД орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов, ІІД және ҰҰ ардагерлері Кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев, сондай-ақ аудан әкімдігі мен білім бөлімі өкілдері қатысты. Қонақтар оқушыларды құттықтап, кадет мәртебесі тек құрметті ғана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілікті де талап етенінін атап өтті.

— Бүгін біз «Жас сақшы» кадет сыныбын ашып отырмыз, оған қазақ халқының аңызға айналған ұлы Қасым Қайсеновтің аты берілді. Мұндай сыныптар жас ұрпақты патриотизмге, заңға бағынуға және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелейді. Біздің мақсатымыз — тәртіптілік, заңға құрмет пен қоғамға қызмет етуге дайындықты қалыптастыру, — деп атап өтті полиция полковнигі С. Манапов.

Жалпы Қасым Қайсеновтің атының берілуі символдық мәнге ие: Ұлы Отан соғысының батыры, партизан, жазушы және қоғам қайраткері, ол ерлік пен Отанға адалдықтың символына айналды. Оның атын иеленген сынып кадеттері теу биіктерге ұмтылып, заң мен тәртіп олардың тәрбиесі мен қоғамға қызмет етудің негізі болады.

«Жас сақшы» сыныбы — болашаққа бастайтын сенімді қадам. Оның тәрбиеленушілері адалдық және патриотизм үлгісін көрсетеді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі