«Спорт — нашақорлыққа қарсы»: ШҚО кадеттері облыс намысын қорғауға дайындалуда

«Спорт — нашақорлыққа қарсы»: ШҚО кадеттері облыс намысын қорғауға дайындалуда

                                                                                        «Спорт — нашақорлыққа қарсы»: ШҚО кадеттері облыс намысын қорғауға дайындалуда

Өскемен қаласында «Жас сақшы» полиция сыныптарының кадеттері мен полиция қызметкерлері арасында футбол матчы өтті. Ойын атмосферасы спорттық әрі достық рухта жалғасты. Жасөспірімдерді қолдауға ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов келіп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті:

«Сіздер — еліміздің болашағысыздар. Энергияларыңыз, тәртіптеріңіз бен жеңіске деген ұмтылыстарыңыз өзгелерге үлгі. Алдағы турнирде өздеріңізді лайықты көрсетіп, Шығыс Қазақстанды жоғары деңгейде танытатындарыңызға сенімдімін», — деді С. Манапов.

Бұл кездесу жауапты сынға дайындықтың маңызды кезеңі болды. 2-4 қазан аралығында Шымкент қаласында ҚР Ішкі істер министрінің Кубогына арналған республикалық мини-футбол турнирі өтеді. Онда 12-14 жас аралығындағы «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушылары еліміздің барлық өңірінен жиналады. Сайыстың ұраны да мағыналы: «Спорт — нашақорлыққа қарсы».

Шығыс Қазақстан облысының намысын Өскемен қаласындағы мектептердің «Жас сақшы» сыныптарының 10 кадеті қорғайды. Жас спортшылар республикалық аренада жеңіс үшін таласа отырып, мінез-құлық, төзімділік пен шеберліктерін көрсетуге тиіс. Турнир мини-футбол ережелері бойынша (құрамы 4+1) өткізіліп, балалар спортының дамуына бағытталған.

Жас сақшылар сенімді: табандылықтары мен командалық рухы туған өлкені абыроймен танытып, спорттың — күш-қуат, сергектік және жастарымыздың болашағы екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі