«Есірткісіз таза қала»: ШҚО-да полиция мен жастар есірткі жарнамасына қарсы бірікті

«Есірткісіз таза қала»: ШҚО-да полиция мен жастар есірткі жарнамасына қарсы бірікті

                                                                                             «Есірткісіз таза қала»: ШҚО-да полиция мен жастар есірткі жарнамасына қарсы бірікті

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласының белсенді жастарымен бірге көшелерге шығып, қолдарына қылқалам, валик және бояу баллондарын алып, заңсыз жазулар мен есірткі жарнамасы бар граффитилерді бояды.

Жыл басынан бері полицейлер мен волонтерлер 450-ден астам граффити мен QR-кодты жойып, бояған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері интернетте жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр: есірткі жарнамасы мен «курьер-жеткізуші» ретінде жұмыс ұсынатын мазмұндағы 9 200-ге жуық сайт пен сілтемелерді бұғаттауға жолданды.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Даулет Жұмадилов атап өтті:

«Жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі – профилактика. Өскелең ұрпақтың есірткінің қаупін түсініп, осы қатерден қорғауға белсене атсалысуы маңызды».

Шығыс Қазақстан облысының полициясы тұрғындарды бейжай қалмауға шақырады: есірткі жарнамасы жайлы деректерді 102 нөміріне немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы фото қоса отырып хабарлауға болады. Әрбір хабарлама қала мен интернет кеңістігін қауіпсіз етуге көмектеседі.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі