
Қазан айының басында рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен Шемонаиха ауданы Үлкен Өзен ауылынан 7 шақырым солтүстікте өлтірілген аюдың қалдықтары табылды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында тіркелмеген екі ұңғылы тегіс мылтықпен аюды атып, етін бөліп өзімен бірге алып кеткен 26 жастағы Үлкен Өзен ауылының тұрғыны «ізін суытпай» анықталып, ұсталды.
- Күдіктінің тұратын жерін тінту кезінде тіркелмеген екі ұңғылы тегіс мылтық пен оқтар, пышақ, мотоцикл және елуден аса полиэтилен пакетіне салынған аюдың еті тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 337 бабы 1 бөлігі (Заңсыз аңшылық) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі