
ШҚО полицейлері Жарма ауданының тұрғынынан қолдан жасалған дыбыс тұншықтырғысы бар тапаншаны тәркіледі
ШҚО ПД криминалдық полициябөлімше қызметкерлерімен "Учаске"жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында заңсыз қару сақтаудың 2 факті анықталды. Осылайша, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Жарма АПБ-ның кезекші бөліміне Жарма ауданы Қалбатау ауылының 27-жастағы тұрғыны өзінде атыс қаруын сақтайды деген ақпарат келіп түсті. Түскен ақпаратты тексеру барысында полиция қызметкерлерімен үй ауласындағы дәретхана артына көмілген дыбыс тұншықтырғысы бар тапаншаға ұқсайтын зат тәркіленді. 16.09.20 жылғы сот–баллистикалық сараптама актісіне сәйкес, алынған зат калибрі 9 миллиметрлік ойық патрондарына сай, "МР-79-9"газ-травматикалық тапанша үлгісінің оқпанын ауыстыру арқылы қолдан жасалған тегіс ұңғылы атыс тапаншасы болып табылды. Бұл тапанша оқ ату үшін жарамды. Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес, дереу тінту барысында тәртіп сақшылары Глубокое ауданы Тарханка ауылының 47-жастағы тұрғынының қазандық бөлмесінен 22 патрон, 1 гильза және мылтық тәркіледі. Тәркіленген мылтық "ТОЗ 16" моделді, калибрлері 5,6 миллиметрлік, 1963 жылы тульдік қару-жарақ зауытында жасалған зауыттық нөмірі бар бір зарядты аңшылық карабины болып табылғаны анықталды. Карабин оқ ату үшін жарамды. Осы фактілер ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігіне сәйкес (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді,-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. "Учаске" ЖПІШ-сы барысында шығыс-қазақстандықтардан барлығы 6 бірлік тіркелмеген атыс қаруы тәркіленді, оның 5-уі тегіс ұңғылы мылтық, 1-уі йір ойықты мылтық. Тұрғылықты жері бойынша 4069 атыс қару иелері тексеріліп, атылатын қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы бойынша)- 36 қару иелері, азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзғаны үшін(ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабы бойынша) – 16 қару иелері жауапкершілікке тартылды. ШҚО полициясы департаментіның хабарлауынша, атыс қаруын және оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін азаматтар қылмыстық жазалауға жатады. Алайда, заңсыз сақталған қару-жарақты, оның негізгі бөлшектерін және оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі