Полицейлер қан сондай-ақ короновирусті емдеу үшін қан сарысуын (плазма) тапсырды

Полицейлер қан сондай-ақ  короновирусті емдеу үшін қан сарысуын (плазма) тапсырды

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері ерікті түрде донорлық кан және короновирусті емдеу үшін плазма тапсыру  акциясына белсенді қатысты. Полиция қызметкерлері көптеген жылдар бойы донорлық қан тапсыру бойынша дәстүрлі акцияға қатысуда.

Біз жыл сайын осындай іс-шаралар өткіземіз және күн өткен сайын қатысушылардың саны көбеюде. Сонымен қатар, ШҚО ПД Кадр саясат басқармасы бастығының орынбасары Қожамсеитов Еркін тәжірбиелі донор- полицейлермен қатар жас қызметкерлер де қатысқанын атап өтті. 

Акцияның мақсаты - донорлық қанды қажет ететін адамдарға көмек беруге бағытталған патриотизм және мейірімділік таныту болып табылады. Апаттарда зардап шеккендер, ауыр жарақат алғандар, жазатайым оқиғалар нәтижесінде қан жоғалтқандар және әртүрлі операциялар кезінде адамдардар қан құюды қажет ететіндіктен осындай акцияларды өткізу маңыздылығын әрбір полиция қызметкерлері жақсы біледі деп, - сөзін жалғастырды ұйымдастырушы. 

Өз кезегінде дәрігерлер еріктілер қатарында тәртіп сақшыларын көргендеріне  қуанышты екендіктерін айтты. Өткені полицейлер тұрақты медициналық тексеруден өтеді және денешынықтыру дайындығы жақсы, ал ауыр сырқаты жоқ адамдар ғана бола алады.Сонымен қатар, акция шеңберінде Өскемен қ.ПБ-нің 10 қызметкері короновирусті емдеу үшін  қан сарысуын (плазма) тапсырды.Бұл ретте, полиция қызметкерлері сол күні олар тапсырған қан мен плазма көптеген адамдардың өмірін сақтап қалады деген үмітте. Өткен жылы полицейлердің күшімен 60 литрен астам қан жиналған. «Короновируске антиденесі бар  қан сарысуына (плазма) мұқтаж  адамдарға қосымша терапия ретінде оған  қолданылады».

Сондай-ақ  Е. Қожамсеитов инфекцияны жеңгендердің барлығын әлі де ауруханаларда ем алып жатқан адамдарға көмектесуге шақырды.

                                                                                                                                   

                                                                                                                            ШҚО ПД Баспасөз қызметі