Ерлі-зайыпты ШҚО-да психотроптық заттарды сатқаны үшін ұсталды

Ерлі-зайыпты ШҚО-да психотроптық заттарды сатқаны  үшін ұсталды

Ерлі-зайыпты ШҚО-да психотроптық заттарды сатқаны  үшін ұсталды

       "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы басқармасының қызметкерлері облыс орталығында "жылдамдық" психотроптық заттарды «жасыруды» жүзеге асырған отбасылық жұпты  ұстады.

Арнайы операция кезінде 32 жастағы және 29 жастағы ерлі-зайыптылар қолға түсті. Олар оңай олжа табу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында Нұр-Сұлтан қаласынан Өскемен қаласына келіп, психотроптық заттарды сатумен айналысқан.

Белгілі болғандай, күдіктілер синтетикалық психотропты заттардың  көтерме сауда партиясын сатып алып, оларды неғұрлым ұсақ дозаға  бөліп,  құпия жасыру арқылы өткізген.

- Тінту барысында, ұсталған тұлғалардан 150 грамм психотроптық заттар тәркіленді, яғни 500 бірлік доза. Оның құны қара базарда 4 000 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларымен дозаны өлшеуге арналған құрылғы мен буып-түюге арналған құрал-жабдықтар алынды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөліміне сәйкес (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, көрсетілген заң бабының санкциясында 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

                                                                                                                                              ШҚО ПД Баспасөз қызметі