Үржар ауданы полиция қызметкерлері өнім ұрланған деген күдікпен ер адамды ұстады.

Үржар ауданы полиция қызметкерлері өнім ұрланған деген күдікпен ер адамды ұстады.

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде аудандық полиция бөліміне ауданның өсімдік шаруашылығымен айналысатын ЖШС-нің 33-жастағы басшылығы жүгінді. Ер адам белгісіз тұлғалардың Көкөзек ауылынан 2 километрде орналасқан  егіс алқабынан 250 килограмм жүгерінің ұрлағанын жеткізген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция жедел уәкілдері ізін суытпай зиянкестің жеке тұлғасын анықтады.

Тергеу барысында 45 жасар жұмыссыз әрі қарай жүгеріні өткізу мақсатында ұрлықты іске асырғаны анықталды. Ұрланған жүгері заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.