Экстремизмге қарсы күрес басқармасының жұмыс желісі бойынша анықтама

Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің антитеррористік қорғалу жағдайына жоспарлы тексерулер жүргізуде.
 
Барлық тексерулер алдын ала ескертусіз өткізіледі, бұл объектілердің нақты қорғалу деңгейін және персоналдың ықтимал дағдарыс жағдайларында әрекет етуге дайындығын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
 
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылғы 31 шілдедегі қаулысына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің жаңартылған өңірлік тізбесі бекітілді. Аталған тізімге барлығы 862 объект енгізілген, оның ішінде:
•108 — аса маңызды мемлекеттік объект,
•52 — стратегиялық объект,
•32 — қауіпті өндірістік объект,
•670 — адамдар жаппай жиналатын объект.
 
Бекітілген кестеге сәйкес, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жұмыс топтары террористік тұрғыдан осал объектілерде шамамен 400 тексеру жүргізді.
 
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша 342 нұсқама беріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабының 1-бөлігіне сәйкес 65 әкімшілік хаттама толтырылды.
 
Сот органдарымен 6 материал қаралып, олардың әрқайсысы бойынша 786 400 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Салынған және өндірілген әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 18,7 миллион теңгеден асты.
 
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 149-бабына сәйкес объектілердің антитеррористік қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау үшін 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін (393 200 теңгеден 1 966 000 теңгеге дейін) әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Дата публикации
25 декабря 2025