ШҚО полицейлері алты есірткі тасымалдау арнасын жапты
Шығыс Қазақстанда есірткі қылмыстарымен белсенді күрес жүргізілуде. ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев есептік кездесу барысында "Online" форматта жыл басынан бері 240 есірткі қылмысы, оның ішінде 154 есірткі өткізу фактісі анықталғанын хабарлады.
Облыс бойынша барлығы 281 кг әртүрлі есірткі тәркіленіп алынды, оның 263 кг марихуана. Бұл ретте есірткі жеткізудің алты арнасы жабылды (Алматы қаласынан - 4, Нұрсұлтан қаласынан және Жамбыл облысынан - 1-ден).
«Полиция қызметкерлері барлығы 5 топты залалсыздандырды. Олардың бірінде 5 адамнан болған. 3,5 кг синтетика тәркіленіп, оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп атап өтті С.Мадиев.
Жалпы, қалған 3 топтан барлығы 75 кг "марихуана" және 10 кг "гашиш", тағы бір топтан 169,5 гр "скорость"психотроптық заты тәркіленіп алынды.
Сондай-ақ, Қазақстан шекарасы арқылы Ресейге есірткі заттары контрабандасының бір фактісі анықталды. Бұл ретте полиция қызметкерлері психотроптық заттарды сатып алуға болатын сайттардың жарнамасы бар 112 "граффити" суреттерін жойды. Есірткіні насихаттау мен таратуға қатысы бар 73 аккаунт бұғатталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі