Өскеменде автокөліктердің бірінде марихуана табылды
Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ-ге полиция қызметкерлері Ұлан ауданының 37 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota Mark-2» автокөлігін ұстағаны туралы хабарлама келіп түсті, оның көлігін тексеру барысында ерекше иісі бар өсімдік тектес зат оралған 2 қағаз бумасы табылып алынды.
- Сараптама қортындысына сәйкес, салмағы 66,40 граммды құрайтың зат «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Ер адам есірткіні жеке өзі пайдалану үшін сақтағаның айтты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 – бабы 2- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі