ШҚО-да психотроптық заттарды жеткізуші ұсталды
Жақында Өскемен қаласы ПБ-ге полиция қызметкерлерінен жедел іздестріу іс-шараларын жүргізу барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінің жанында психотроптық заттарды мобильді қосымша арқылы өткізумен айналысатын 35 жастағы дүкен курьері ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жеке тексеру барысында Глубокое ауданының тұрғынан, изолентпен оралған полимер түйіншегі алынды, оның ішінде өткізу мақсатында сақталған ұнтақ пен түйіршіктер болған.
- Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат психотроптық зат тектес болып табылады. Полиция қызметкерлері 40-тан астам бір реттік дозаны таратудың жолын кесті, - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297- бабы 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі