Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Хабарландыру

жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде(бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Министрдің, министр орынбасарының номенклатурасына, сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ІІМ Кадр саясаты департаментіне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).

ІІМ номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

- ІІМ орталық аппаратынаC-SV-5 санаты;

- «Солтүстік» және Оңтүстік» ІІМ әскери және арнайы жабдықтау базаларынаC-SV-7 санаты;

-облыстық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аппараттарынаС-SVО-6 санаты;

- қалалық және аудандық полиция департаменттерінің бөлімшелеріне
C-SVR-2 санаты;

- жоғары оқу орындарынаC-SVU-3 санаты;

- оқу орталықтарынаC-SVU-6 санаты;

- ІІМ «С» қызметінеC-SN-4 санаты;

- «Арлан»АМБC-SN-3 санаты;

- ІІМ Кинологиялық орталығы және УССОC-SGU-2 санаты.

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда ІІМ Кадр саясаты департаментінің қызмет өткеруді ұйымдастыру басқармасына хабарласуға болады,

каб. № 421, 422, анықтама телефондары 8 (7172) 72-20-03, 72-20-05, 72-20-95,
72-20-47, электрондық мекенжайлар k.sikebaev@mvd.gov.kz, arma.akhmetov@mvd.gov.kz, zh.dyusetaeva@mvd.gov.kz.

 

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

Дата публикации
04 апреля 2025