Күзет қызметі - заңды тұлғалардың жеке тұлғалардың өмірін, денсаулығын және мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау (күзет қызметі) бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы.
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.