Хабарландыру

Ұлытау облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялау туралы хабарландыру

Ұлытау облысы Полиция департаменті, Жезқазған қаласы, Мұса Жәлел көшесі, 8, анықтама телефондары: 8-705-868-07-32, 8-705-469-22-72, электрондық мекенжай akm.usembaeva@mvd.gov.kz кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеп алуы туралы жариялайды.

1.Жезқазған қаласы ПБ құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.

 2.Облыстың ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы инспекторы (C-SN-8) -5 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (юриспруденция, құқық, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс) немесе орта арнайы, отыз бес жасқа дейінгі, қоян-қолтық ұрыс түрлерінен және практикалық атудан спорттық атақтар, разрядтар, біліктілігі болуы.

3.Жезқазған қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы (C-SSР-8)-1 бірлік.

4.Сәтбаев қаласы ПБ патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы (C-SSР-8)-1 бірлік.

5.Жаңаарқа ауданы ПБ патрулдік полиция тобының қызмет инспекторы (C-SSР-8)-1 бірлік. 

6.Ұлытау ауданы ПБ патрулдік полиция тобының қызмет инспекторы (C-SSР-8)-1 бірлік. 

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта заңгерлік немесе орта арнайы, отыз бес жасқа дейін. Автокөлік құралдарын жүргізуі үшін В,С санатты жүргізуші куәлігі бар.

  1. Жезқазған қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлар тобының учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8) -1 бірлік.
  2. Сәтбаев қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлар тобының учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8) -2 бірлік.
  3. Қаражал қаласы ПБ көші қон қызметі тобының инспекторы; (С-SVR-8) -1 бірлік.

10.Ұлытау ауданы ПБ көші қон қызметі тобының инспекторы;

(С-SVR-8) -1 бірлік.

11.Ұлытау ауданы ПБ ақпараттандыру және байланыс тобының  аға инспекторы; (С-SVR-8) -1 бірлік.

12.Сәтбаев қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы; (С-SVR-8) -1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (педагогика және психология, алғашқы әскери даярлық, дене мәдениеті және спорт, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, психология), отыз бес жасқа дейінгі.

13.Ұлытау ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлар тобының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі; (С-SVR-8)-1 бірлік.

  1. Ұлытау ауданы ПБ Жезді ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлар тобының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі; (С-SVR-8)-1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.

15.Жезқазған қаласы ПБ  криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі; (С-SVR-8)-1 бірлік.

16.Сәтбаев қаласы ПБ  криминалдық полиция бөлімінің жеке тұлғаға қарсы  қылмыс тобының жедел уәкілі; (С-SVR-8)-1 бірлік.

17.Жаңаарқа ауданы ПБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі; (С-SVR-8) -1 бірлік.

18.Ұлытау ауданы ПБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі; (С-SVR-8) -1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.

19.Облыстың ПД кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор кинологы (C-SV-13) –4 бірлік.

20.Облыстың ПД 1-санаттағы автокөлік шаруашылықтың  полицей-жүргізушісі; (C-SV-13) –3 бірлік.

21.Облыстың ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы полицей-жүргізушісі; (C-SV-12) –2 бірлік.

22.Облыстың ПД ғимараттарды күзету тобының полицейі; (C-SV-12) –3 бірлік.

23.Жезқазған қаласы ПБ қылмыстық жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторының полицей-айдауылдауы; (C-SV-12) –1 бірлік.

  1. Жезқазған қаласы ПБ кинологиялық қызмет тобының кіші инспектор кинологы (C-SV-12) –1 бірлік.
  2. Сәтбаев қаласы ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12)-1 бірлік.
  3. Жаңаарқа ауданы полиция бөлімі ақпараттандыру және байланыс

тобының технигі. (C-SV-13)-1 бірлік.

  1. Ұлытау ауданы ПБ қылмыстық жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторының полицей-айдауылы; (C-SV-12) –1 бірлік.

28.Ұлытау ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі; (C-SV-12) -1 бірлік.

29.Ұлытау ауданы ПБ  жергілікті полици қызметі бөлімшесінің  табиғатты қорғау тобының  полицейі; ; (C-SV-12) –1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, отыз бес жасқа дейін, мерзімді әскери қызметтен өткен.

 

Ішкі істер органдарына тұру тәртібі

Ішкі істер органдарына қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына қызметке үміткерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын болады.

ҚР ІІМ білім беру ұймдарында ішкі істер органдарына іріктеуге қатысу (іріктеуді өткізу орнына бару және қайту, медициналық комиссиядан өту, тұрғын үй жалдау) үміткердің өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

Үміткерлерді іріктеу бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

Бірінші кезеңде - келіп түскен жеке істер негізінде үміткерлердің тізімдері қалыптастырады;

Екінші кезеңде - үміткерлердің конкурс өткізу ереже талаптарына сай дене шынықтыру нормативтерін тапсыру;

Үшінші кезең-қабылдау комиссиясы үміткерлермен әңгімелесу жүргізеді, үміткердің қалауы бойынша ата-анасы, жұбайын шақыртумен. Үміткердің ІІО қызметке орналасу себептерін анықтайды. Үміткердің назары қызметі бойынша шектеулер, болашақ қызметінің сипаты, қызметтен тыс уақытта, демалыс және мереке күндері  қызметке тарту мумкіндігі, сондай-ақ ІІО қызмет өткеру кезіндегі жеңілдіктер мен басымдықтарға аударады. Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамсыз ету үшін  конкурстық комиссия отырысына байқаушылар шақырылады.

Іріктеудің әр кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы  кезеңнен өтпеген үміткер, келесі кезеңге жіберілмейді.

Ұлытау облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамының бос лауазымдарына үміткерлердің құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен  жүзеге асырылады.

Алғашқы кәсіби дярлықты бітіріп, бірақ ішкі істер органдарында ары қарай қызмет атқарудан бас тартақан немесе ІІМ оқу орнынан тәртіптік заңдылықты бұзушылықтан, үлгермеуіне байланысты, өз еркімен шыққан әрі қарай қызмет атқарудан бас тартқан жағдайда, ол даярлық кезінде дайындыққа жұмсалған, тамақтану және сол жерде тұру жағдайына жұмсалған барлық қаражатты қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

Қызметке түскен үміткер ішкі істер органдарына, 3 жылдан кем емес  уақыт қызмет атқаруға тиіс (келісім-шарт жасалынады).

Бұл міндет әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы  немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде, штаттың қысқартылуына байланысты, басқа лауазымдарда пайдалану, сондай-ақ оны ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда, ішкі істер органдарынан тарату басқа құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдарға ауысу және  денсаулық жағдайы бойынша 3 жыл ішінде қызметтен босатылған жағдайда қызметкерге қолданылмайды.

Дата публикации
13 января 2024