GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
23 октября 2026
Түркістан облысында 300-ден астам оқушыға жол қозғалысының талаптары түсіндірілді
 
Түркістан облысында полицейлер оқушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігін түсіндірді.
Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Бекбол Жиренбаев пен патрульдік полиция тобының инспекторы Нұрболат Айнабаев үш мектепке барып, 300-ден астам оқушымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында балаларға жолдан өту тәртібі, бағдаршам талаптарын сақтау және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері түсіндірілді.
Басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жеке құраммен жұмыс
23 октября 2026
"Жас сақшы" сыныбының оқушыларына тарихи-мәдени кешенге экскурсия ұйымдастырылды
 
Түркістан облысында жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған іс-шара өтті. Сайрам ауданы полиция басқармасының қызметкерлері "Жас сақшы" сыныбында білім алатын 24 оқушыға Шымкент қаласындағы "Шым қала" тарихи-мәдени кешеніне экскурсия ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар тарихи-мәдени кешенмен танысып, халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жас сақшыларға қызметтік адалдықтың, абыройды сақтаудың және өзгелерге жеке үлгі көрсетудің маңызын түсіндірді.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, тарихи санасын қалыптастыруға және полиция қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Жергілікті полиция қызметі
22 октября 2026
Түркістан облысында отбасы қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды
 
Түркістан облысы полиция департаментінде Арыстанғани Заппаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және мәслихат депутаттарының сайлау науқаны кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
- Облыс бойынша отбасылық-тұрмыстық саласындағы қылмыстардың саны 9,5-%ға азайған. Жыл басынан бері сот шешімімен құқық бұзушылардың мінез-құлқына 737 ерекше талап қойылып, оның ішінде 395 азаматқа алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынған. Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 123 адам жауапқа тартылды. Есепті кезеңде отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 2 274 профилактикалық іс-шара өткізілді, – деп атап өтті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Алихан Алентаев.
Аппараттық кеңестің екінші мәселесі Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындыққа арналды. Сайлау науқаны кезінде құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылмақ.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, қабылданған шаралардың нәтижелілігін бақылау және сайлау кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.
Тергеу және анықтау
22 октября 2026
Түркістанда тергеу және анықтау саласының 9 айлық жұмысы қортындыланды
 
Түркістан облысы Полиция департаментінде тергеу және анықтау басқармаларының ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын қорытындылау мақсатында жедел кеңес өтті. Жиынға Тергеу басқармасының бастығы Мұхтар Сейдилдаев пен Анықтау басқармасының бастығы Сапарғали Тұрманов және бірқатар қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жиын барысында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің жұмыс бағытына қойылған жаңа талаптар мен заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар жеке құрамның назарына егжей-тегжейлі жеткізілді. Сонымен қатар, қылмыстық процесті цифрландыруды одан әрі жетілдіру және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері сөз болды.
Кеңес төрағалары заң мен тәртіптің қатаң сақталуын және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді басты міндет ретінде жүктеді. Жиын қорытындысы бойынша әрбір аудандық және қалалық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді
Жергілікті полиция қызметі
21 октября 2026
Түркістан облысында полицейлер адасқан әжейді отбасымен қауыштырды
 
Түркістан облысында полицейлер адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жолында күнделікті қызмет атқарып қана қоймай, қиын жағдайға тап болған жандарға да қол ұшын созады. Бұл жолы тәртіп сақшылары адасып, мекенжайын есіне түсіре алмай қалған 69 жастағы әжейді отбасымен қауыштырды.
Төлеби ауданында учаскелік полиция инспекторлары Д.Сырлыбаев, Б.Өмірсеріков және Б.Ерментай қызметтік аумақты аралау барысында тасжол бойында жалғыз жүрген қарт әжейді байқаған. Полицейлер қариямен тілдесу барысында оның денсаулығында кінәраты барын және тұрғылықты мекенжайын есіне түсіре алмай тұрғанын анықтаған.
Тәртіп сақшылары 69 жастағы әжейді полиция пунктіне жеткізіп, жеке басын анықтап, аман-есен отбасымен қауыштырды. Оқиғаның әсерлі сәті полицейлердің бейнежетонына жазылып қалған.
Онда тәртіп сақшыларының: "Біз полиция қызметкерлеріміз ғой, неден қорқасыз? Үйіңізге апарып тастаймыз, жаурап қаласыз", – деп, әжейге қамқорлық танытқанын көруге болады. Бұл тәртіп сақшыларының қызметтік міндетпен қатар адамгершілік пен жанашырлықты жоғары қоятынының жарқын көрінісі.
Жергілікті полиция қызметі
21 октября 2026
Түркістан облысында полиция 27 мыңнан астам тұрғынмен профилактикалық кездесу өткізді
 
Түркістан облысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа ықпал ететін себептерді жою мақсатында "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шараның 15 тәулігінде полиция қызметкерлері 16 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, 29 тәуекел факторының толық жойылуына қол жеткізді.
Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзудың 630 дерегі анықталып, ел аумағында заңсыз жүрген 583 шетелдік тіркелді. Олардың 303-ін сот шешімімен елден шығару үшін тиісті құжаттар рәсімделді. Азаматтық қару иелеріне де тексеру жүргізіліп, қаруды сақтау және тіркеу талаптарын бұзу деректері анықталды.
Нәтижесінде тіркелмеген 7 атыс қаруы тәркіленді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Тексеру барысында ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүрген 261 жасөспірім анықталды. Профилактикалық жұмыстар тұрғындармен тікелей байланыс орнату арқылы да жалғасуда. Осы уақыт аралығында 1 316 кездесу өткізіліп, оған 27 мыңнан астам адам қатысты.
Бұдан бөлек, ұрлық, алаяқтық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 29 мыңнан астам ақпараттық жадынама таратылды. Түркістан облысының полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Криминалдық полиция
20 октября 2026
Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды
 
Түркістан облысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Сайрам ауданында полиция қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының жастары бірлесіп, тұрғындарға 200-ден астам ақпараттық жадынама таратты.
Шара барысында қоғамдық орындарда, сауда орталықтары мен базарларда азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың арбауына түспеу және жеке деректерді қорғау жолдары түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағылық танытуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және банк карталарының құпия деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
Жеке құраммен жұмыс
20 октября 2026
Түркістан облысында 22-ші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды
 
Түркістан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында орналасқан №1 жалпы орта мектепте ішкі істер органдарының ардагері Әкімбай Шындалұлы Шындалиевтің есімі берілген облыстағы жиырма екінші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды.
Ішкі істер органдарында 25 жылға жуық абыройлы қызмет атқарған Әкімбай Шындалиев 1938 жылы Отырар өңірінде дүниеге келген. Қызмет барысында адалдығымен, кәсіби біліктілігімен танылып, ҚР ІІМ-нің үздік қызметкері атанған, бірқатар медальдармен марапатталған. 1994 жылы зейнетке шыққан. Ардагердің өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі кейінгі буынға үлгі болуы үшін полиция сыныбы салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға Түркістан облысы полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Есенгелді Шалабаев, аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, Түркістан облысы бойынша ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, полиция қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Салтанатты шара барысында жас сақшылар ант қабылдады. Қонақтар оқушылардың қолөнер көрмесін тамашалап, жаңа сыныптың ашылуына арналған лентаны қиды. Мерекелік бағдарлама мектеп оқушыларының концерттік қойылымдарымен жалғасты.
Түркістан облысында “Жас сақшы” сыныптарын ашу арқылы өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және “Заң мен Тәртіп” қағидатын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде
Жергілікті полиция қызметі
20 октября 2026
Түркістан облысында абаттандыру қағидаларын бұзған екі тұрғын жауапқа тартылды
 
Түркістан облысында полицейлер абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Созақ ауданының учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағын аралау барысында арнайы шұңқыр қазып, оған 1 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық төккен екі тұрғынды анықтады.
Аталған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Сонымен қатар көше бойына тұрмыстық қалдықтарды шығарып қойған бес тұрғын анықталып, оларға да тиісті шаралар қолданылды. Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағында рейдтік іс-шараларды жалғастырып, тазалық талаптарының сақталуын бақылауда.
Полицейлер тұрғындарды қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға шақырады.
Әкімшілік полиция
19 октября 2026
Түркістан облысының полицейлері дрон арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады

 

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи технологияларды белсенді қолдануда. Ордабасы ауданында жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында дронның көмегімен жол ережесін бұзған бірнеше жүргізуші анықталды.

Атап айтқанда, Темірлан ауылында Toyota Camry автокөлігін басқарған 40 жастағы жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болды. Сондай-ақ Shaanxi жүк көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жол бермеген. Ал Lada 21144 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі көлігін жол жиегіне қойып, өзге жүргізушілерге кедергі келтірген. Аталған деректер бойынша жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция қызметінде дрондарды пайдалану жол қозғалысын әуеден бақылауға, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және жол қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға, жаяу жүргіншілерге жол беруге және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы