Қазығұрт ауданында «Учаскелік полицияның 100 жылдығы» мерекесіне орай, кіші футболдан турнир өтті. Аталған іс-шараға 8 команда қатысты. Олар Төтенше жағдайлар, Өрт сөндіру, Азаматтық қорғау бөлімі, Қазығұрт аудандық прокуратурасы, аудандық сот пен аудан бойынша Ұлттық
Қауіпсіздік бөлімі мен аудандық ардагерлер командасы.
Турнирдің мақсаты - полицейлерді спорттық жарыстарға тарту, өзара ынтымақтастық, ұйымшылдық пен мүдделердің тоғысқандығы болып табылады.
Жарыста өте тартысты өтті. Әр команда жақсы дайындықтарын көрсетті. Бәсекелстік пен достық қарым-қатынаста өткен сайыста жеңімпаздар анықталды.
Нәтижесінде ойын қорытындысы бойынша шағын футбол турнирінде I-орынды Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшы құрамы командасы жеңіп алып, тамаша ойын көрсетті. ІІ-орынды аудандық Өрт сөндіру бөлімі иеленсе, ІІІ-орынды аудандық ардагерлер алқасы алды.
Жарыс соңында барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.