Түркістан облысы полицейлері тұрғынды «зейнетақы көбейтіп беремін деп» алдаған алаяқты ұстады

Түркістан облысы полицейлері тұрғынды «зейнетақы көбейтіп беремін деп» алдаған алаяқты ұстады
Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші ер адамның айтуынша ол тиісті мекемеге ағымдағы жылдың сәуір айында «анасының зейнетақысы дұрыс есептелмей аз болып қалғанын, ендігі кезекте соны көбейтуді» сұрап арызданған. Арадан біршама уақыт өткенде оған белгісіз әйел хабарласып, мәселеңізді шешіп бере аламын деп сеніміне кірген. Содан жәбірленуші оған сеніп, күдікті айтқан банктік карточкаға 150 000 теңге ақшасын тастайды. Алайда, ақшаны иемденген алаяқ уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жәбірленушіні әбігерге салады. Содан кейін тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Орын алған алаяқтық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 1 тәулік ішінде осы қылмысқа күдікті ретінде әйел анықталып, ұсталды. Ол бірнеше рет сотты болған Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында анықталғандай сол уақытта мемлекеттік қызметте жұмыс істеген күдікті жәбірленушінің арызына орай, жеңіл жолмен ақша табу мақсатында оны шешіп беремін деп алдап жүргенін мойындады. Осылайша күдікті әйел пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап жібергені белгілі болды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда ұсталған алаяққа қатысты тергеу амалдары жүруде.
Түркістан облысы полицейлері облыс тұрғындарына кез келген жанға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ұсынады. Таныс емес адамдарға мүліктеріңізді, жеке мәліметтеріңізді, банк шоттарының кодтарын және басқа да ақпаратты бермеңіз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңы